Ақшаны қайтару тәртібі
Тіркеу жарнасын қайтару тәртібі
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Тіркеу жарнасын қайтару тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) «University Medical Center» корпоративтік қоры (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) ұйымдастыратын Жүрек орталығының 15 жылдығына арналған «XV – Excellence and Value in Heart Care» мерейтойлық конференциясына (бұдан әрі – Конференция) қатысу үшін төленген ақшалай қаражатты қайтарудың тәртібі мен шарттарын айқындайды.
1.2. Осы Тәртіп Конференцияның ресми сайтында орналастырылған Қосылу туралы шарттың (Оферта шартының) ажырамас бөлігі болып табылады және Конференцияның ресми сайты арқылы тіркеу жарнасын төлеген барлық қатысушыларға қолданылады.
1.3. Тіркеу жарнасын төлеу Қатысушының осы Тәртіптің талаптарымен толық әрі сөзсіз келісетінін білдіреді.
2. Тіркеу жарнасының мөлшері
2.1. Тіркеу жарнасының мөлшері қатысудың таңдалған санатына сәйкес айқындалады және Конференцияның ресми сайтында жарияланады.
2.2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, тіркеу жарнасының құны қосылған құн салығын (ҚҚС) ескере отырып көрсетіледі.
3. Конференцияға қатысудан бас тарту және тіркеу жарнасын қайтару
3.1. Қатысушы Ұйымдастырушының электрондық пошта мекенжайына жазбаша хабарлама жіберу арқылы Конференцияға қатысудан бас тартуға құқылы.
3.2. Тіркеу жарнасы келесі тәртіппен қайтарылады:
- Конференция басталған күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен бұрын бас тартылған жағдайда – төленген соманың 100%-ы қайтарылады;
- Конференция басталған күнге дейін 15 (он бес) күнтізбелік күннен 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейін бас тартылған жағдайда – төленген соманың 50%-ы қайтарылады;
- Конференция басталған күнге дейін 15 (он бес) күнтізбелік күннен аз уақыт қалған кезде бас тартылған жағдайда тіркеу жарнасы қайтарылмайды.
3.3. Егер Қатысушы Ұйымдастырушыны алдын ала хабардар етпестен Конференцияға келмесе, тіркеу жарнасы қайтарылмайды.
3.4. Ұйымдастырушымен келісім бойынша тіркелген қатысушыны басқа тұлғамен қосымша ақысыз ауыстыруға жол беріледі, бұл туралы Ұйымдастырушыға Конференция басталғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын хабарлануы тиіс.
3.5. Егер Қатысушы тіркеу жарнасымен қатар гала-кешке қатысу құнын да төлеген болса, гала-кешке қатысу үшін төленген қаражат қайтарылмайды, Қатысушының Конференцияға қатысудан бас тарту туралы хабарламаны қай уақытта ұсынғанына қарамастан. Гала-кеш Ұйымдастырушының бастамасымен өткізілмеген жағдайда ғана, гала-кешке қатысу үшін төленген қаражат толық көлемде қайтарылады.
4. Конференцияның күшін жою немесе мерзімін ауыстыру
4.1. Конференция Ұйымдастырушының бастамасы бойынша өткізілмеген жағдайда Қатысушыға төленген тіркеу жарнасының 100%-ы қайтарылады.
4.2. Конференцияның өткізілу мерзімі өзгертілген жағдайда тіркеу жарнасы сақталады және Конференцияның жаңа өткізу күндерінде қатысу үшін жарамды болып есептеледі.
4.3. Егер Конференцияның жаңа өткізу күндері Қатысушыға сәйкес келмесе, ол тіркеу жарнасын толық көлемде қайтару туралы өтініш беруге құқылы.
5. Ақшалай қаражатты қайтаруды рәсімдеу тәртібі
5.1. Ақшалай қаражатты қайтаруды рәсімдеу үшін Қатысушы Ұйымдастырушының электрондық пошта мекенжайына өтініш жібереді.
5.2. Өтініште мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
- тегі, аты, әкесінің аты;
- тіркелу кезінде пайдаланылған электрондық пошта мекенжайы;
- тіркеу нөмірі (бар болған жағдайда);
- Конференцияға қатысудан бас тарту себебі;
- төлем жасалған күні;
- төлемді растайтын құжат.
5.3. Ұйымдастырушы төлемді сәйкестендіру үшін қажетті қосымша мәліметтерді сұратуға құқылы.
6. Ақшалай қаражатты қайтару тәртібі мен мерзімдері
6.1. Ақшалай қаражат тек тіркеу жарнасын төлеген тұлғаға ғана қайтарылады.
6.2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақшалай қаражат төлем жасалған сол банктік шотқа немесе төлем картасына қайтарылады.
6.3. Ұйымдастырушы өтінішті қарайды және барлық қажетті құжаттар толық ұсынылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаражатты қайтару туралы шешім қабылдайды.
6.4. Ақшалай қаражаттың нақты есепке алыну мерзімі төлем картасын шығарған банкке және төлем жүйесіне байланысты болады және Ұйымдастырушы қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін 10 (он) жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.
6.5. Ұйымдастырушы банктердің немесе төлем жүйелерінің жұмысына байланысты ақшалай қаражаттың есепке алыну мерзімінің ұзаруына жауапты болмайды.
7. Қаражатты қайтаруға қойылатын шектеулер
Тіркеу жарнасы мынадай жағдайларда қайтарылмайды:
- Қатысушы тіркелу кезінде жалған немесе толық емес мәліметтер ұсынған жағдайда;
- Қатысушы Конференцияға қатысу талаптарын бұзған жағдайда;
- Қатысушы Ұйымдастырушыны алдын ала хабардар етпестен Конференцияға келмеген жағдайда;
- Осы Тәртіптің 3-бөлімінде көзделген өзге де жағдайлар туындаған кезде;
- Қатысушы төлеген гала-кешке қатысу құны, гала-кеш Ұйымдастырушының бастамасымен өткізілмеген жағдайды қоспағанда, қайтарылмайды.
8. Байланыс ақпараты
Тіркеу жарнасын қайтаруға қатысты барлық сұрақтар бойынша Конференцияның Ұйымдастыру комитетіне хабарласуға болады.
«University Medical Center» корпоративтік қоры
Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 32
E-mail: heartcare@umc.org.kz
Телефон: +7 (7172) 703-153
9. Қорытынды ережелер
9.1. Осы Тәртіп Конференцияның ресми сайтында жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
9.2. Ұйымдастырушы осы Тәртіпке өзгерістер енгізуге құқылы. Тәртіптің өзекті редакциясы Конференцияның ресми сайтында жарияланады және жаңа редакцияда өзгеше көзделмесе, жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
9.3. Осы Тәртіппен реттелмеген барлық мәселелер бойынша тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.