University Medical Center
  • Қаз
  • Рус
  • Eng
  • Басты
  • Жүрек орталығы 15 жыл
  • Жас ғалымдары байқауы
  • Демеушілер мен серіктестер
  • Байланыс
  • Қаз
  • Рус
  • Eng

Құпиялылық саясаты

Конференцияға қатысуға арналған Құпиялылық саясаты

Астана қ.

Осы дербес деректерді жинау, өңдеу және сақтау саясаты «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген және «University Medical Center» корпоративтік қорының дербес деректерді жинау, өңдеу және сақтау тәртібін, сондай-ақ дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қабылдайтын шараларын айқындайды.

Осы Құпиялылық саясатында қандай мәліметтер жиналатыны, қандай мәліметтерге қолжетімділік берілетіні, олардың қандай мақсаттарда пайдаланылатыны, қандай жағдайларда және кімдерге берілетіні, сондай-ақ Сіз қандай мәліметтерді өзгерте немесе жоя алатыныңыз туралы түсіндірме берілген.

1. Терминдер мен анықтамалар

Конференцияны ұйымдастырушы – «University Medical Center» корпоративтік қоры, БСН 151040018391, заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 32, e-mail: umc@umc.org.kz. Ұйымдастырушы конференцияны ұйымдастыруды және өткізуді, қатысушыларды тіркеуді, олардың дербес деректерін өңдеуді, іс-шараның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және конференцияны өткізуге байланысты өзге де міндеттемелерді жүзеге асырады.

Конференцияға қатысушы – тіркеу рәсімінен өткен, қатысу ақысын төлеген, конференцияға тікелей қатысатын, іс-шараны өткізу шарттарымен және өзінің дербес деректерін өңдеуге келісетін жеке тұлға.

Тіркеу – конференцияның сайтындағы тіркеу нысанын толтыру процесі.

Банк – Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы №2444 «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңына сәйкес банк қызметін жүзеге асыруға құқығы бар коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

Банктің қосымшасы – Пайдаланушының тапсырыстарды төлеуі үшін конференцияның тіркеу сайтымен біріктірілген Банктің мобильді және/немесе веб-қосымшасы.

Осы Құпиялылық саясатында осы бөлімде анықтамасы берілмеген өзге де терминдер пайдаланылуы мүмкін. Мұндай терминдер осы Құпиялылық саясатының мәтініне сәйкес түсіндіріледі.

2. Біз қандай деректерді жинаймыз

2.1. Конференцияға тіркелу кезінде Ұйымдастырушы Қатысушының келесі деректерін жинайды:

  • тегі, аты, әкесінің аты;
  • жұмыс орны;
  • лауазымы;
  • елі, қаласы;
  • байланыс деректері (телефон нөмірі, электрондық пошта);
  • төлемді өңдеу үшін қажетті ақпарат (мысалы, төлем деректемелері және төлемді растайтын мәліметтер, бұл ретте банк карталарының деректері Ұйымдастырушыда сақталмайды).

3. Дербес деректерді өңдеу мақсаттары

3.1. Ұйымдастырушы дербес деректерді мынадай мақсаттарда пайдаланады:

  • қатысушыларды тіркеу және есепке алу;
  • конференцияны ұйымдастыру және өткізу;
  • іс-шара және оған қатысты өзгерістер туралы хабардар ету;
  • онлайн және офлайн іс-шараларға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
  • қатысу ақысын өңдеу және төлемді растау;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау.

5. Деректерді үшінші тұлғаларға беру

5.1. Төлемдерді жүзеге асыру үшін Ұйымдастырушы төлемге қатысты деректерді тек уәкілетті төлем жүйелері мен төлем операторларына береді.

5.2. Өзге дербес деректер конференцияны ұйымдастыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғана, құпиялылық талаптарын сақтай отырып, үшінші тұлғаларға берілуі мүмкін.

6. Деректерді қорғау

6.1. Ұйымдастырушы дербес деректерді рұқсатсыз қол жеткізуден, өзгертуден, жария етуден немесе жоюдан қорғау үшін қажетті техникалық және ұйымдастырушылық шараларды қабылдайды.

7. Қатысушылардың құқықтары

7.1. Қатысушының:

  • өзінің дербес деректері және оларды өңдеу мақсаттары туралы ақпарат алуға;
  • дербес деректерді өңдеуге берген келісімін кері қайтарып алуға (бұл конференцияға қатысудан бас тартуға негіз болуы мүмкін);
  • дербес деректерді қорғау жөніндегі уәкілетті органдарға шағым жасауға құқығы бар.

8. Деректерді сақтау мерзімі

8.1. Дербес деректер оларды өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті мерзім ішінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде сақталады.

University Medical Center

Жүрек-қантамыр медицинасындағы үздік клиникалық тәжірибе мен зерттеулер.

Бөлімдер

  • Басты
  • Жүрек орталығы 15 жыл
  • Жас ғалымдары байқауы
  • Демеушілер

Ақпарат

  • Жас ғалымдары байқауы
  • umc.org.kz

Қолдау

  • Байланыс
  • University Medical Center

Деректемелер

Корпоративный фонд University Medical Center

  • БИН: 151040018391
  • Кбе: 18
  • АО «Народный Банк Казахстана»
  • БИК: HSBKKZKX
  • KZ786010111000251810 KZT

Ұйымдастыру комитеті — XV - Excellence and Value in Heart Care

Құпиялылық саясаты Шарт-оферта Ақшаны қайтару тәртібі

© 2026 UMC. Барлық құқықтар қорғалған.